Атпен серуендеу және атқа міну - бұл қызықты ермек және таза ауада уақыт өткізу тәсілі ғана емес, сонымен қатар физикалық және психикалық денсаулықты жақсартудың тамаша құралы. Сіз: «Олар денсаулыққа қалай көмектеседі?» деп сұрарсыз. Келіңіз, талдап көрейік!
Алдымен, атқа міну физикалық деректерді жақсартуға ықпал ететінен, атап айтқанда: дене мүсінін түзететінен, арқа және іш бұлшықеттерін дамытанынан, сондай-ақ вестибулярлық аппаратты дамытатынынан бастайық. Салт атпен 45 минуттық жаттығуды престің мыңдаған жаттығуларымен және жүз итерумен теңестіруге болады.
Бұл әрі фитнес, әрі арықтау, әрі массаж әсері, әрі күйзеліспен күрес, тіпті көптеген ауруларды емдеуге және алдын алуға көмектеседі.

Сіз көптеген елдерде жылқылардың көмегімен психологиялық көмек көрсетудің тиімді деп танылғанын білдіңіз бе? Олардың қадамдарының бір сарынды ырғағы және олардың сабырлы мінез-құлқы тыныштандыруға көмектесетін босаңсытатын атмосфера қалыптастыра алады. Олар адамның көңіл-күйіне сезімтал және эмоцияларға жауап бере алады, бұл оларды қиын кезеңдерді бастан өткергендер үшін сенімді серіктес етеді.
Атқа мінгенде, адам жалған эмоцияларды көрсете алмайды, өйткені жылқы әрқашан салт аттының шынайы көңіл-күйін сезінеді. Жылқы адамның сезімін қайталайтын н және оған еліктейтін ерекше жануар: егер адам уайым кешсе – жылқының да мазасы кетеді, егер тыныш болса жылқы да жаттығуға зейін қояды.

Біздің атқа міну орталығымызда жиырма тоғыз тамашы жылқы мен төрт сүйкімді пони бар. Сіз оларға келіп, араласып, оларды көкөністермен және жемістермен тамақтандыруыңызға болады. Егер сіз олармен жақынырақ танысқыңыз келсе, бізде 30 минуттан 6 сағатқа дейін созылатын арнайы атқа мініп жүретін маршруттар бар. Сіздер үшін жағымды қарым-қатынас пен серуендеуден басқа Іле-Алатау қорығының тауларының керемет әдемі көріністерін тамашалай аласыз: «Ақ-Тас», «Қабан көл» , «Қызыл жар» үстірті, және «Ала Бұқа» аймағы.
Сондай-ақ, біздің нұсқаушылар атқа мінуді үйретеді, ат үстінде гимнастика жасатады және иппотерапия жүргізеді. Жылқымен уақыт өткізудің көптеген нұсқалары бар, өзіңізге қолайлы нұсқаларды таңдап, физикалық және эмоционалдық денсаулығыңызды жақсартуға және төрт аяқты терапевттермен танысуға келіңіз.
Атқа міну орталығы туралы