Әркім өзі үшін қызықты іс табатын жер
Oi-Qaragai – белсенді және экстремалды демалысты ұнататындарды да, қаладан алыс демалғысы, тыныштық пен сабырлылықтан ләззат алғысы келетіндерді де қызықтыратын жер.

Сіздің өміріңіз қозағалыс па? Сіз «зерігудің» не екенін білмейсіз бе? Онда Біз сізге не ұсыну керегін білеміз? Біздің Курортта ешкімді бей-жай қалдырмайтын түрлі белсенді іс-шаралар көп. Мысалы, аспалы саябақ - кедергілерді жеңуге әуесқойларға жарайды. Мұнда 6-дан астам бағыт бар: 3 жастан асқан кішкене балалардан бастап, спорттық дайындығы бар қонақтарға арналған экстриммен қоса.
Егер сіз жылдамдықты жақсы көретін болсаңыз, онда біз сізді қалай таң қалдыруды білеміз. Электробайктер мен тау карталары сізге жарқын эмоциялар мен ұмытылмас адреналин сезімдерін басыңыздан өткізуге көмектеседі. Олар мүлдем шусыз жүреді, зиянды газ шығармайды және біздің әсем тауларымыздың флорасы мен фаунасына зиянын тигізбейді.
Сондай-ақ, біздің Курортта сізді күтеді: троллей және шыңға шығу саябағы, атқа міну орталығы, пейнтбол және садақ ату.
Тұлғалы таулардың табиғаты мен сұлулығынан ләззат алу үшін біз сізге аспалы жолмен жүріп өтуді ұсынамыз. 1820 метр биіктікке жиырма минуттық көтерілу Oi-Qaragai төңірегіндегі керемет көріністерді ашады және тыныштық пен сабырлылықты сезінуге мүмкіндік береді.

Егер сіз қалалық қарбаластан шаршасаңыз, тыныштықты терең сезініп, толығымен алаңдамауды қаласаңыз, онда бұл жағдайда ең жақсы шешім біздің этно-SPA және физикалық және эмоционалды қалпына келтіруге арналған монша болады. Мұнда біздің қонақтарға келесі қызметтер ұсынылады: босаңсытатын массаждар, тұзды ванналар, пилингтер мен скрабтау, орау, тейпирлеу, шай рәсімдері және ағзаны толық демалуға бейімдейтін көптеген басқа рәсімдер.

Oi-Qaragai-да әр сәт қуаныш пен жаңа әсерлерге толы болады, мейлі ол белсенді ойын-сауық болсын, немесе тыныш демалыс болсын. Біз мұнда әркім өзіне ұнайтын ермекті тауып, ұмытылмас естеліктермен қайтатынына сенімдіміз.
Тау моншасы мен этно-SPA туралы